ОБЛИГАЦИЯЛАР ДЕГЕН НЕ?

Облигация - бұл қарыз міндеттемесі, несие. Бұл қағаз Rangeld Finance компаниясының инвестордан ақша алғанын және оларды белгілі бір мерзімде пайыздармен қайтаруға уәде бергенін растайды. Облигация ұстаушысы үшін эмитенттің пайдасы маңызды емес (эмитент —бұл Rangeld Finance) - облигацияны өтеу күні Rangeld Finance белгілі бір соманы төлеуге міндетті.

Облигацияларды сатып алу қауіпсіз: олардың кірістілігі алдын ала белгілі, біздің жағдайда жылына 19%, ал олардың эмитенті сыйақы төлейді. 

Инвесторға облигациялар не үшін керек? 

Әдетте инвесторлар келесі жағдайларда облигацияларды сатып алады: 

- Банк депозитіне салғандай ақша салғысы келгенде. Жинаған ақшасымен тәуекелге бармай, бірақ олардың тапқан табысы депозит бойынша пайыздық мөлшерлемеден көбірек болғанын қалайтындар осылай жасайды. 

- Инвестициялық портфельді әртараптандыру. Егер инвестор өз портфелінде тек акцияларды ұстаса, ол үлкен тәуекелге барады. Облигациялар тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік береді: олардың бағасы акция сияқты түспейді.  

КАК КУПИТЬ ОБЛИГАЦИИ RANGELD FINANCE?

Облигацияларды сатып алу үшін сізге брокерлік шот ашу қажет, біз Centras Securities ұсынамыз, онлайн ашу үшін сізде ЭЦҚ болуы керек, егер сізде брокерлік шотыңыз болса, ол арқылы облигацияларды сатып алуға болады.

Брокерлік шотты ашқаннан кейін оны толтыру керек, мұны банктік аударым арқылы жасауға болады.

Келесі кезекте Қазақстан қор биржасында (KASE) сауданы ұйымдастыру үшін Rangeld Finance компаниясына брокерлік шоттың толтырылғаны туралы хабарлау қажет.

Бір облигацияның номиналды құны 1 000 теңге – ең төменгі инвестициялық сома.

Купондық мөлшерлеме жылдық 19% құрайды.

Купондық төлем 3 айда 1 рет жүзеге асырылады.

Облигацияларды өтеу мерзімі 30.12.2025 жылға дейін.

СОНДАЙ-АҚ ҚАРАҢЫЗ

ЖОЛДА КӨМЕК

ЖЕҢІЛ КӨЛІК ҮШІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖОЛДАРЫНДА 24/7 ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ

RANGELD ГИД

ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП

ОБЛИГАЦИЯЛАР

СЕНІМДІ КОМПАНИЯҒА ИНВЕСТИЦИЯ